Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ-ның өкілдері аудан тұрғындарымен кездесті

«Аграрлық несие корпорациясы» АҚ-ның өкілдері аудан тұрғындарымен кездесті

Аудандық мәнениет үйі ғимаратында аудандық кәсіпкерлік өнеркәсіп және туризм бөлімі «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ өкілдерімен бірлесіп аудан тұрғындарына «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ қаржы ұйымы тарапынан шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау бағытындағы жүргізіліп жатқан мемлекеттік бағдарламалар жөнінде түсіндірді.
Кездесуге қала, кент және ауылдық округтің тиісті сала мамандары, аудан кәсіпкерлері және шаруа қожалық иелері қатысты. Атап өту қажет, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ еліміздегі шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау бағытындағы тиімді қаржы ұйымдарының бірі болып табылады. Қаржы ұйымы «Агробизнес» бағдарламасы арқылы мал алуға, егін шаруашылығына, ауыл шаруашылық техникасын алуға, негізгі құрал жабдықтар алу мақсатында кәсіпкерлерге 1 млн. теңгеден бастап құрылыс монтаждау жұмыстарына 10 жылға дейін, айналым қаражатын толықтыру үшін 3 жылға дейін 6% көлемінде несие беру қарастырылған. Бұл бағдарлама бойынша 1 жылдан 2 жылға дейін жеңілдетілген мерзім қарастырылған.
«Іскер» бағдарламасы арқылы мал алуға 5 млн-ға дейін, негізгі құрал жабдықтарын алуға 6 млн-ға дейін жылдық жарнасы 6 пайызбен 5 жылға дейін несиелендіру қарастырылған. Бұл мағдарлама бойынша жеңілдетілген мерзім 6 айдан 1 жыл мергімге беріледі.
Сондай-ақ, жиынға қатысқан кәсіпкерлер мен шаруа қожалық иелері өзге де мемлекеттік қолдау бағдарламалары жөнінде толық ақпарат алды.

"Толқын" ақпарат

---
05 шілде 2022 ж. 415 0