ТОҚАБАЙДАҒЫ ТОЛЫМДЫ ІСТЕР
Жіңішкеқұм ауылдық округінде өткен есеп беру кездесуінде алдымен учаскелік полиция инспекторы, одан соң ауылдық округ әкімі атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспары жайында айтып өтті.Аудан әкімі әдеттегі дәстүрмен алдымен округ тұрғындарына ауданның бүгінгі тынысы мен өткен жылы қол жеткізген табысы туралы баяндады.
Округ халқы негізінен мал шаруашылығымен айналысады. Мал басы жыл санап өсуде.
2018 жылы Қазақстан Республикасы мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Арал ауданының құрметті азаматы Қ.Бердімағанбетовтың 85 жылдығы жоғары деңгейде аталып өтілді. №248 орта мектебінен шағын мұражай ашылды, аудандық бюджеттен салынған аллеяның ішіне Қ. Бердімағанбетовтың кеуде мүсіні орнатылды.
«Жақсықылыш-Тоқабай» бағытындағы автожолын жөндеуге Республикалық бюджеттен қаржы бөлініп, 2018 жылға жоспарланған 21 шақырымы толық аяқталды.
Аудандық бюджеттен қаржы қаралып, демалыс аллеясы салынып, ауыл көшесі жарықтандырылды. Тоқабай ауылын орталық су желісіне қосу үшін облыстық бюджеттен тиісті қаржысы бөлініп, жоба-сметалық құжаттары мемлекеттік сараптамадан өткізілуде.
Кәсіпкерлікті дамыту бағытында біршама жұмыстар атқарылуда. 2018 жылдың қаңтар айында «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» арқылы дара кәсіпкер «А. Рсалиев» 3 млн теңге, «А. Ниязова» 1 млн теңге көлемінде несие алып, мал шаруашылығын дамытуда.
Сонымен қатар, «Оңалбек» шаруа қожалығы «Қызылорда өңірлік инвестициялық орталығы» арқылы 3 млн теңге несие алып, жұмыс жасауда. Ауыл тұрғыны А. Едігеев 3 млн теңге несие алып, 10 бас сиыр алды. «Бастау Бизнес» оқыту курсы бойынша 3 азамат толық оқу курстарынан өтіп, сертификаттарын алды.
«Тоқабай-2016» ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативі ауыл тұрғындарына ауыз су жеткізуде.
Кездесуге жиналған тұрғындар аудан басшысына ұсыныс-пікірлерін айтып, болашақта атқарар жұмыстарына жеміс тілеп тарқасты.