ӘКІМ ЕСЕБІ: ЖЕТЕС БИДЕ ЖОЛ МӘСЕЛЕСІ ШЕШІЛДІ

Атап айсақ, ауылдық округтегі өзекті мәселелердің бірі –«Райым-Водакачка» автожолының құрылысына облыстық бюджеттен қаржы бөлініп, жол қатынасының мәселесі толық шешілген.
Аудандық жұмыспен қамту бөліміне округ бойынша тіркелген азаматтардың 5-еуі қоғамдық жұмысқа тартылып, 7-еуі тұрақты жұмысқа орналасқан.
«Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы бойынша 2 жоба "Қызылорда өңірлік инвестициялық орталығы" арқылы қаржыландырылып, өз жұмысын бастады.
2018 жылы«Тәуіп» және «Сарыөзек» каналдарының және Водакачка елді мекеніндегі энергетикалық нысандар трансформатор, әуе тоқ желілерінің жер актісі мен техникалық құжаттары дайындалды.
Баяндамалар тыңдалғаннан кейін Жетес би ауылдық округінің тұрғыны, зейнеткер Төре Әнесов атқарушы билік өкілдерінің есебін жоғары бағалап, ризашылығын білдірді.
Аудан әкімінің есебінен соң ауыл жұртшылығының ұсыныс-пікірлері тыңдалды.