Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » КЕЛБЕТІ КӨРКЕЙГЕН ҚОСЖАР

КЕЛБЕТІ КӨРКЕЙГЕН ҚОСЖАР

Есепті кездесу Қосжар ауылдық округінде жалғасын тапты.Ауылдық округ әкімі М. Әбдікеров өз баяндамасында ауыл халқының негізгі тіршілік көзі мал және балық шаруашылығы екендігін атап өтті.
Өткен жылы Қосжар ауылдық округінде 11 адам өзін-өзі жұмыспен қамтыса, жыл көлемінде 6 адам ауылдық мекемелерге тұрақты жұмысқа орналастырылған. Екі азамат қайтарымсыз грантқа ие болып, өз істерін дөңгелетіп отыр.
Қосжар елді мекенінің шекарасын ұлғайту жұмыстарына сәйкес елді мекеннің шекарасын белгілеу мақсатында координаттары анықталып, шекара бағандары орнатылды.
Салық түсімдері бойынша – ауылдағы барлық тіркелген салық түрлері 100 пайызға орындалған.
Жиын барысында учаскелік полиция инспекторы жыл көлемінде атқарған жұмыстарының есебін берді.
Тұрғындар одан әрі аудан әкімі М.Оразбаевтың 2018 жылғы есебін тыңдап, ағымдағы жылдың жоспарларымен танысып, көкейлерінде жүрген ұсыныс-пікірлерін ортаға салды.
Көтерілген мәселелер алдағы жылдың еншісінде болатынын және осы жұмыстарды ұдайы назарда ұстайтынын айтқан аудан әкімі елдің тілегі қашанда ескерілетінін сеніммен жеткізді.
16 қаңтар 2019 ж. 2 021 0