Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » ӘКІМ ЕСЕБІ: БІРЛІГІ ЖАРАСҚАН БЕРЕКЕЛІ АУЫЛ

ӘКІМ ЕСЕБІ: БІРЛІГІ ЖАРАСҚАН БЕРЕКЕЛІ АУЫЛ

Аудан әкімінің есепті кездесуі Бекбауыл ауылдық округінде өтті. Кездесу алдында ұйымдастырылған көрмеде ауыл кәсіпкерлерінің өнімдері және қолөнер бұйымдары мен тарихи жәдігерлер көрсетілді.Ауылдық округ әкімі Ә.Сейітов баяндамасында айтып өткендей Бекбауылда өткен жылы жұмыссыз азаматтардан қоғамдық жұмысқа 11 адам қамтылып, 3 адам мектеп және жеке балабақшаға тұрақты жұмысқа орналасқан.
2018 жылға жоспарланған салық түсімдері толық орындалды. «Мемлекеттік жекешелік әріптестік» аясында Бекбауыл ауылындағы дәрігерлік амбулаториясы желтоқсан айында пайдалануға берілді.
Сондай-ақ, Бекбауыл елді мекеніне электршамдары орнатылып, ауыл көшелері жарықтандырылды. 
2018 жылғы есеп бойынша округ бойынша 36 жеке кәсіпкер және 14 шаруа қожалығы барлығы 50 шағын кәсіпкерлік субъектілері тіркелген.
Өткен жылы «Бизнес Кеңесші» оқыту курсы бойынша оқыған азаматтардың 6 жобасы «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы аясында «Гранттық қаржыландыруға» ұсынылып, 3 жоба қайтарымсыз грантты жеңіп алды.
Жалпы округ көлемінде шағын бизнесті дамыту мақсатында 6 жоба қаржыландырылып, 2 кәсіпкерлік нысан іске қосылды. 
Кездесу соңында тұрғындар тарапынан қойылған сұрақтарға тұщымды жауаптар қайтарылды
16 қаңтар 2019 ж. 1 866 0