ӘКІМ ЕСЕБІ: РАЙЫМДА КӘСІПКЕРЛІК ҚАНАТ ЖАЙЫП КЕЛЕДІ

Сонымен қатар, «Қызылорда өңірлік инвестициялық орталығынан» жеңілдетілген бағдарламамен 3 ауыл тұрғыны несие алып, мүйізді ірі қара және жылқы малдарын өсіруде.
Ауылдық округке қарасты Қызылжар, Шөмішкөл ауылының тұрғындары ауыз сумен толықтай қамтылған.
Округ бойынша 2018 жылы «Арал-Қызылжар бағытындағы 6,4 шақырым автомобиль жолының екінші кезеңіне облыстық бюджеттен қаржы бөлініп, 2,5 шақырымы жөнделіп пайдалануға берілді.
Өткел қайығын қалқымалы көпірмен алмастыру жұмыстары толығымен аяқталып, ел игілігіне берілді. Қызылжар ауылдық мәдениет үйіне аудандық бюджеттен жылыту қазандығы, электро-генераторы алынды.
«Туған жерге тағзым» бағдарламасы аясында Арал ауданынан шыққан, кәсіпкер ауылдық мәдениет үйінің сахнасын өз қаржысымен толықтай жаңаша безендіріп, ауыл жастарына спорттық киімдерін сыйға тартты.
Округте 2018 жылдың басында 24 кәсіпкер болса, 32 кәсіпкерге толықты.
Ауыл тұрғындары жалпы өткен жылы жергілікті атқарушы органдардың тарапынан ауданымызда әлеуметтік – экономикалық дамуы бағытында атқарылған айтарлықтай нәтижелі жұмыстарға оң бағасын берді.
Пікір 1