Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » ӘКІМ ЕСЕБІ: АМАНӨТКЕЛДЕ ОҢ ӨЗГЕРІСТЕР ОРЫН АЛДЫ

ӘКІМ ЕСЕБІ: АМАНӨТКЕЛДЕ ОҢ ӨЗГЕРІСТЕР ОРЫН АЛДЫ

Аудан әкімінің ел алдындағы есепті кездесуі Аманөткел ауылдық округінде жалғасты.Ауыл тұрғындары алдымен учаскелік полиция инспекторының есебін, одан соң округ әкімі Қайрат Абдраманов пен аудан әкімі Мұхтар Оразбаевтың баяндамасын тыңдады.
2018 жылы округ бойынша 57 бала дүниеге келді. Ауылдық округ балық аулаумен қатар мал шаруашылығымен айналысады.
Ауыз сумен қамту жұмыстары бойынша 26,8 шақырым магистральды су желісі жүргізіліп, әрбір үйге су шүмегі орнатылды. Ауылдың орталық көшесі толықтай жөндеуден өткізілді.
Сонымен қатар, мектепке дейінгі 370 м жолға асфальт төселінді. Ақшатау елді мекенінің жаңа мектеп ғимаратының жері белгіленіп, сметалық құжатына аудандық бюджеттен тиісті қаржы бөлініп, облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасына бюджеттік өтінім тапсырылды.
Аманөткел, Хан елді мекендерінің шекараларын кеңейтуге шекара қадалары қағылды. Аққұлақ ауылы бойынша өткен жылы есепті кездесуде түскен ұсыныс-пікірлер бойынша көше жарығы және кіре-беріс қақпасы орналастырылды.
Бұдан бөлек, ауылға ауруы анықталған мал өлекселерін өртеуге арналған жоғары температуралы крематорий салынды. 
Сондай-ақ, ауылдың амбулаториясына су жаңа жедел-жәрдем көлігі берілді.
Мемлекеттік бағдарламалар арқылы несие алып, кәсіп жасап отырған азаматтар саны артып келеді.
17 қаңтар 2019 ж. 1 721 0