Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » «Сыбағаның» сыйы мол

«Сыбағаның» сыйы мол

Шағын және орта бизнесті еліміздегі етті мал шаруашылығын дамытуға жұмылдыру, етті бағыттағы мал басының үлесін арттыру және одан алынатын өнімдерді экспортқа шығару мақсатындағы Үкімет арнайы «Сыбаға» бағдарламасының көпке көмегін тигізуде.Өткен жылы ауданға 240 бас мүйізді ірі қара малын шет елден сатып алу жоспары берілген еді. Соған орай ауданнан бірнеше шаруа қожалығы мал алуға ниет білдіргенімен, түрлі себептерге байланысты шет елден мал алынған жоқ. Ал биыл Арал қаласынан жеке кәсіпкер Әсел Мырзаханова «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ-ға 100 бас асыл тұқымды мүйізді ірі қара малын сатып алуға 46 миллион теңге несие алу үшін құжаттарын толықтай тапсырып, қазіргі кезде кепілге қоятын мүліктерін рәсімдеуде.
Сондай-ақ өткен жылы 7800 бас қой сатып алу жоспарланып, аудан бойынша 15 шаруашылық 2366 бас қой сатып алуға «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ және «Арал ырысы кредиттік серіктестігі» ЖШС арқылы несие алып, қой малын сатып алды.

А.Құдайбергенов,
аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің бас маманы
29 ақпан 2020 ж. 857 0