Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Төрт түлікті төлдеткен, береке тапқан еңбектен

Төрт түлікті төлдеткен, береке тапқан еңбектен

«Болашақ – аграрлық секторда» деп Елбасы айтқандай, ауыл­шаруашылығы дамыса, еліміз де алға басады. Мал шаруа­шылығы саласында көрсетіліп жатқан мемлекеттік қолдаудың арқасында ауданда жыл сайын мал басы өсуде. Ауданда ауылшаруашылығы өнімдерінің жалпы шығарылымы үстіміздегі жылдың үш ай­ын­да 1180,6 миллион теңге болып, өткен жылдың осы кезе­ңімен салыстырғанда 101,9 пайызға  артығымен орындалып  отыр. Қолда бар малының басын көбейтіп, қорасын малға тол­тырғандар мемлекеттік бағдарламаның шарапатын көруде.
«Сыбағада» серпін бар
Елбасы Жолдауында ел экономикасының негізгі тірегі – ауылшаруашылығына басымдық беріп, түрлі бағдарламалардың қабылдануына ықпал етіп келеді. Сондай бағдарламаның бірі – «Сыбағадан» аралдық шаруалар да өз сыбағаларын алуда.  Биыл ауданға 350 бас мүйізді ірі қара малын шет елден сатып алу жоспары беріліп отыр. Осыған орай, Жаңақұрылыс ауылдық округіндегі «Әулиетөбе» шаруа қожалығы 120 бас, ал Октябрь ауылдық округіндегі «Жомарт» шаруа қожалығы 100 бас, яғни барлығы 220 бас асыл тұқымды ет бағытындағы мүйізді ірі қара малын әкелу үшін жұмыс жасауда. Қазіргі кезде «Жомарт» шаруа қожалығының басшысы Қазыбек Әлібеков алатын малын көру үшін Ресей Федерациясына кетті.
Екі шаруа қожалығы да «Ауылшаруашылығын  қаржылай қол­дау қоры» АҚ-ның Қызылорда филиалына барып, мал алуға несие құжаттарын тапсыруға келісті. Ал, алынатын малды үстіміздегі жылдың қараша айына алуды жоспарлауда.
Үстіміздегі  жылы ауданға 7800 бас қой сатып алу жоспары берілсе, одан бүгінгі күнге дейін 1832 бас қой алуға несие алу үшін шаруашылықтар құжаттарын  тапсырып, қазіргі уақытта 811 бас қой сатып алуға құжаттары комиссияда қаралуда. Атап айтқанда:  «Аграрлық несие коорпарациясы» АҚ-ға Арал қаласынан жеке кәсіпкер А.Темірбаеваның 445 бас қой алуға, сондай-ақ Қарақұм ауылдық округінен «Құрман» шаруа қожалығының 133 бас, «Кірбас» шаруа қожалығының 100 бас сатып алуға, Октябрь ауылдық округінен «Нұр» шаруа қожалығының 133 бас қой сатып алуға тапсырған құжаттары комиссияда қаралуда. Бұдан бөлек,  «Ауылшаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ-ға Арал қаласынан жеке кәсіпкер Т. Сүлейменов  321 бас қой алуға құжаттарын тапсырып жатса, «Арал ырысы» кредиттік серіктестігі» ЖШС-ында бүгінгі күнге дейін Сазды ауылдық округінен «Нұрбақыт» шаруа қожалығы 200 бас қой сатып алуға, сонымен бірге  Жақсықылыш кентінен «Қази» шаруа қожалығы 500 бас қой сатып алуға несие алу үшін құжаттарын тапсырып, толықтыруда.
Аймақта алғашқы орында
Тұқымдық түрлендіру – аналық мал басын тұқымдық және өнімділік өсімін молайтуда асыл тұқымды аталықтарды пайдалану жолымен сапасын жақсарту. Үстіміздегі жылы 27180 бас мүйізді ірі қара малының аналықтарын тұқымдық түрлендіруге қатыстыру жоспары берілсе, қазіргі уақытта 1180 бас аналық сиыр және 83 бас бұқа тұқымдық түрлендіруге қатысуда. Аналық сиырлардың тұқымдық түрлендіруге қатысуы 16,4 пайызды құрады. 
Елбасы 2017 жылғы Қазақстан халқына Жолдауында «Аграрлық сектор экономиканың жаңа драйверіне айналуы керек. Қазақстанның агроөнеркәсіп кешенінің болашағы зор. Көптеген позициялар бойынша біз әлемде ірі аграрлық экспорттық өнім өндірушілердің бірі бола аламыз» деп атап өткен еді.
Үстіміздегі жылға ауданда «Мал сою пунктін салу және асыл тұқымды репродуктор шаруашылық құру» туралы жоба енгізілді. Жоба құны жеке қаражат есебінен 301,5 миллион теңгеге қаралған. Жоба бойынша ауысымына 10 бас мүйізді ірі қара малын сою пунктін салу және 360 бас ет бағытындағы репродуктор шаруашылық ашу жоспарланған. Бүгінде Арал қаласында мал сою пунктінің құрылыс жұмысы толық аяқталып, мал союға арналған құрылғыларын алуға тапсырыс беруде.  
Бұл жобаны іске асырушы «Акнар» ЖШС «Арал-Агро» ЖШС –мен бірлесіп, Ресейден 360 бас асыл тұқымды мүйізді ірі қара малына мамыр айында тапсырыс беріп, қыркүйек-қазан айларында  әкелуге жұмыстар жүргізуде.
Мал шаруашылығы — экономиканы дамытудың негізгі бағыттарының бірі. Сондық­тан, мемлекеттік бағдарламаларды тиімді пайдаланудың маңызы зор.
С.Нұрғалиев,
аудандық ауыл шаруашылық бөлімінің басшысы.
14 мамыр 2019 ж. 1 312 0