Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Беларанда мал басында өсім бар

Беларанда мал басында өсім бар

Ақтөбе облысымен шекаралас жатқан шалғайдағы Беларан ауылдық округі де өткен жылдың ақжолтай жаңалықтарына куә болды. Округ көлемінде көптеген жұмыстар атқарылып, ауылдың, ауданның экономикалық дамуына зор септігін тигізіп отыр. Округ тұрғындарының негізгі тіршілігі-мал шаруашылығы. Сондықтан, осы мал шаруашылығы саласына тоқталсақ. Биыл мал басы са- нына келер болсақ, жылқы 2393 басты құрап, өткен жылмен салыстырғанда 127 басқа артса, түйе 1757 бас, өткен жылмен салыстырғанда 228 басқа артып отыр. Ал, қой, ешкі 976 бас, 2016 жылға қарағанда 77 басқа артық. Мүйізді ірі қара 689 бас, яғни, 122 басқа артық. Бұл көрсеткішке қарап, елді мекендегі мал өсімі қарқынды дамып келеді деуге болады. Жыл басы- нан бері 1356 бас төлге сырғалау жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, 4850 бас малға түрлі вакциналар егілді. Жеке 56 қожалық қоралары залалсыздандырылды.
16 ақпан 2018 ж. 1 252 0