Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » ӘКІМ ЕСЕБІ: ШҰРАЙЛЫ ЕЛДІ МЕКЕННІҢ ШЫРАЙЛЫ КЕЛБЕТІ

ӘКІМ ЕСЕБІ: ШҰРАЙЛЫ ЕЛДІ МЕКЕННІҢ ШЫРАЙЛЫ КЕЛБЕТІ

Арал ауданының әкімі Мұхтар Оразбаев одан әрі Жаңақұрылыс ауылдық округінде есеп берді. Жиын қолөнер бұйымдары мен тарихи жәдігерлер қойылған көрмені тамашалаумен басталды.
Алдымен учаскелік полиция инспекторы Ғ. Ізмағамбетов пен ауылдық округтің әкімі Б. Әбдіраимов баяндама жасап өтті. Содан соң аудан әкімі өткен жылы атқарылған жұмыстарды баяндады.
«Жаңақұрылыс – Бекарыстан би – Көларық – Әйтеке би» аралығындағы автожолының аудан теңгеріміндегі 23 шақырымына жөндеу жұмыстары жүргізілуде. 
Ауылдық округ тұрғындарының көлік қатынасына 3 жеке кәсіпкер қызмет көрсетуде.
«Бизнес Кеңесші» оқыту курсы арқылы 2 азамат кәсіпкерлік негіздерін курсынан өтіп, 1 азамат 500 мың теңге несие алса, 1 азамат құжаттарын дайындауда.
Сондай-ақ, «Қызылорда облыстық өңірлік инвестициялық орталығы» арқылы мүйізді ірі қара мен жылқы малын өсіруге 4 кәсіпкер несие алып, жұмыс жасауда.
«Сыбаға» бағдарламасы арқылы 3 шаруа қожалығы несие алса, 2 кәсіпкер мал басын асылдандыру жұмыстарын нәтижелі жүргізіп, мемлекет тарапынан берілген субсидия алуға қол жеткізді.
Осылайша өткен жылдың ауқымды жұмыстарына қанық болған тұрғындар жүргізіліп жатқан мемлекет саясатына риза екендіктерін білдіріп, аудан басшысының есебіне оң баға берді.
17 қаңтар 2019 ж. 1 252 0