Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » ТӨРТ ТҮЛІГІН ТҮЛЕТКЕН АУЫЛ

ТӨРТ ТҮЛІГІН ТҮЛЕТКЕН АУЫЛ

Аудан әкімі М. Оразбаев Сазды ауылдық округінің тұрғындарымен кездесіп, халық алдында есеп берді.Сазды ауылдық округінде1 елді мекен, 520 тұрғын бар.
Экономикалық белсенді халық-240, зейнеткерлер-61, алтын алқа иегерлері-17, күміс алқа иегерлері-20.
Ауыл тұрғындары негізінен мал шаруашылығымен айналысады. Округ көлемінде 22 шаруа қожалығы бар. Ауылдық округте мүйізді ірі қара саны 0,3 пайызға, уақ мал 4,5 пайызға, түйе саны 1,3 пайызға,жылқының саны 12 пайызға артқан. Жалпы былтырғымен салыстырғанда төрт түлік мал 5,1%-ға артқан.
Жеке кәсіпкер Егізаев Жарас 3,1 млн.теңге несиеге 24 бас аналық сиыр, 1 асыл тұқымды бұқа алса,«Бастау Бизнес»оқыту курсыбойынша оқыған жеке кәсіпкер Қарамырзаева Гүлсім мүйізді ірі қара басын көбейту мақсатында 3,0 млн.теңге несие алу үшін құжаттарын рәсімдеуде.
Округте 3 мал дәрігері және 3 санитар жұмыс жасайды. 2018 жыл ішінде дезинсекция жұмыстары толығымен атқарылып, 4 мәрте қора-жайларды тазарту жұмыстары жүргізілді.
Бұдан бөлек, Сазды елді мекеніне кіре беріс автожол 2 мәрте қалыпқа келтірілсе, ауыл орталығынан 1 автобус аялдамасы пайдалануға берілді.
Кездесу соңында ауыл тұрғындары аудандағы атқарылған жұмыстарға оң баға беріп, өздерінің ұсыныс-пікірлерін білдірді.
20 қаңтар 2019 ж. 1 122 0