БЕЛАРАННЫҢ НЕСІБЕСІ МАЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНДА

Өткен жылы аудандық жұмыспен қамту орталығы арқылы 4 адам тұрақты жұмысқа, 3 адам уақытша жұмысқа орналасты. Жастар практикасымен 1 адам жұмыспен қамтылды.
Бір ауыл тұрғыны «Бастау-Бизнес» бағдарламасы арқылы оқып, жылқы малын өсіруге 2,8 млн.теңге несие алып, жұмыс жасауда. Көркейту-көгалдандыру және санитарлық тазалық айлығында 70 түп үйеңкі көшеті отырғызылды.
Беларан ауылдық округінің аумағы - 14 529 гектар.
Ауылшаруашылық мақсатында пайдаланылатын жерлер - 14049 га. Ауылдық округте 1 елді мекен бар. Халық саны - 367 адам.
Кездесу барысында тұрғындар тарапынан қойылған сұрақтар мен ұсыныстарға тиісінше жауаптар берілді.