ӘКІМ ЕСЕБІ: ЕСЕПТІ КЕЗДЕСУ ҚҰЛАНДЫ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНДЕ ЖАЛҒАСТЫ

«Бастау-Бизнес» оқыту курсы бойынша 2 азамат оқып, сертификат алып, оның ішінде «Қызылорда облыстық өңірлік инвестиция орталығы» арқылы Сахитжанов Бақытбек 2,0 млн.теңге несие алып, мал шаруашылығын дамытуда. «Бизнес Кеңесші» оқыту курсы бойынша 2 азамат оқытылып, оның 1-уі, яғни Құлжанов Кенжемұрат 900 мың теңге қайтарымсыз несие алып, нан пісіру цехын ашып, жұмыс жасауда.
Ауыл тұрғындары Исмагулов Сауелхан, Едігеев Энгельс, Утенов шаруа қожалығын ашып, 3 адамды жұмыспен қамтып отыр.
Тұрғындары мал өсірумен бірге байырғы ата кәсіптерінің бірі балық аулау кәсібін де дөңгелетіп отыр. «Ақбасты» өндірістік кооперативі ауыл көлемінде 30-ға жуық балықшының аулаған балықтарын қабылдап жұмыс жасауда.
Елді мекенде тарихи мұра есебінде ауыл ортасына және кіре берісіне көне 2 кеменің қаңқасы әкелінді.
Ауылдық округ және аудан әкімдері баяндамаларынан кейін, ауыл тұрғындары сұрақтары мен көптен толғандырып жүрген мәселелерін ортаға салды. Ауыл ақсақалы атқарылған жұмыстарға ризашылығын білдіріп, ақ батасын берді.