Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » ӘКІМ ЕСЕБІ: ШАЛҒАЙ АУЫЛДАҒЫ БЕРЕКЕЛІ ТІРЛІК

ӘКІМ ЕСЕБІ: ШАЛҒАЙ АУЫЛДАҒЫ БЕРЕКЕЛІ ТІРЛІК

Аудан орталығынан 210 км қашықтықта орналасқан Қаратерең ауылдық округінде аудан әкімі Мұхтар Оразбаевтың кезекті есепті кездесуі болып өтті.Ауыл тұрғындары, әдеттегідей, учаскелік полиция инспекторы берген есептен кейін, ауыл және аудан әкімінің баяндамасын тыңдады.
2018 жылы кәсіпкерлікті дамыту бағыты бойынша несие алуға 14 жоба, қайтарымсыз несиеге 4 жоба дайындалса, 8 жаңа жеке кәсіпкерлер жұмысын бастады.
«Бизнес Кеңесші» оқыту курсы бойынша 6 адам оқып, оның 3-уі несие алды. 
3 азамат жалдамалы күйіз үйін дамыту бойынша, дәнекерлеу цехын ашу және монша салу мақсатында қайтарымсыз грант жеңіп алды.
Бұдан бөлек, дара кәсіпкер «Қуатбай» балық шаруашылығын дамыту мақсатында «Қызылорда өңірлік инвестициялық орталығы» арқылы 6,0 млн.теңге алса, Қуанышбаева Зауреш мал шаруашылығын дамыту мақсатында 3,0 млн.теңге қаржы алды.
Қаратерең ауылдық округі Тастақ ауылында жаңа медициналық бекет пайдалануға берілді.
Сондай-ақ, «Жалғасбай» ЖШС-нің 600 тонна балық қабылдайтын жалпы құны 110 млн.теңге болатын «балық қабылдау және қатыру орталығы» бой көтерді. Мұндай нысандардың ашылуы халықтың әлеуметтік-экономикалық жағдайының өсуіне үлесін қосатыны сөзсіз.
Аудан әкімі есептi кезеңде атқарылған жұмыстардың қорытындысынан кейін ауыл тұрғындары қойған сұрақтар мен ұсыныс пікірлерді тыңдап, халықтың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған жұмыстар жалғасатындығын айтып өтті.
18 қаңтар 2019 ж. 1 098 0