ЖОСПАРЛЫ ЖҰМЫСТАР ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛДЫ

Қосаман ауылдық округінде 6 шаруа қожалығы және 7 жеке кәсіпкер жұмыс жасауда. Аталған шаруа қожалықтары бірыңғай мал шаруашылығымен айналысып келеді.
«Қызылорда облыстық өңірлік инвестиция орталығы» арқылы Нұрышова Гүлназ 2,0 млн.теңге, Ибраймов Сағынбазар 3,0 млн.теңге, Мыңбаев Қуантқан 2,0 млн.теңге мал шаруашылығымен айналысу үшін несие алды.
Округтегі Қосаман және Ақеспе елді мекендеріндегі 1 фельдшерлік акушерлік бекет пен медициналық бекетте 4 медицина қызметкері және 4 техникалық қызметкер халыққа қызмет көрсетеді.
Ақеспе ауылына аудандық бюджеттен тиісті қаржы бөлініп, көшеге жарықтандыру жұмыстары жүргізілді.
Кездесу соңында жиынға қатысушылар округ әкімінің жұмысына жақсы баға беріп, өз ой-пікірлерін білдірді.