Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » МЕРГЕНСАЙДА ЕСЕП БЕРУ ЖИЫНЫ ӨТТІ

МЕРГЕНСАЙДА ЕСЕП БЕРУ ЖИЫНЫ ӨТТІ

Аудан әкімінің тұрғындар алдындағы есеп беру жиыны Мергенсай ауылдық округінде жалғасты.Жиында аудан басшысы өткен жылы атқарылған жұмыстармен қоса, ағымдағы жылы алға қойған негізгі міндеттер туралы баяндады.
Мергенсай ауылдық округінің құрамында Жалаңаш, Тастүбек елді мекендері бар. Ауылдық округте мешіт, орта мектеп, балабақша, клуб, кітапхана, медициналық пункт және ветеринариялық пункт, пошта, телефон байланысы халыққа қалтқысыз қызмет көрсетуде.
2018 жылы «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына» сәйкес «Бизнес Кеңесші» оқыту курсы бойынша оқыған 2 азаматтың 1-уі «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» арқылы 6 млн.теңгеге ауыл шаруашылығы техникасын сатып алып, жұмыс жасауда.
«Бастау Бизнес» оқыту курсы бойынша 5 адам оқып сертификаттарын алды. Оның ішінде, 1 кәсіпкер «Қызылорда өңірлік инвестициялық орталығынан» монша ашу жұмыстарына 1,8 млн.теңге, ал 2-ші кәсіпкер балық аулау құралдарын сатып алуға 2,0 млн.теңге несие алды.
1 кәсіпкер автокөліктерге техникалық қызмет көрсету мақсатында «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорынан» 1,3 млн.теңге несие алып, жұмысын жүргізуде.
Аудан басшысының қатысуымен өткен жиында ауыл тұрғындары сұрақтарын қойып, атқарылған жұмыстарға ризашылықтарын білдірді.
20 қаңтар 2019 ж. 1 575 0