Мереке күндері ХҚКО-лар қалай жұмыс істейді
![](/uploads/posts/2024-10/medium/1729748704_11.jpg)
Айта кетейік, 26 қазан кезекші ХҚКО мен кезекші мамандандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтары үшін жұмыс күні болып саналады. Мемлекеттік қызметтерді сағат 09:00-ден 13:00-ге дейін алуға болады.
Естеріңізге сала кетейік, ХҚКО-лар жұмыс күндері сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін азаматтарды қабылдайды. Кезекші ХҚКО мен мамандандырылған ХҚКО-лар 09:00-ден 20:00-ге дейін, сенбі күндері 13:00-ге дейін жұмыс істейді.
Сондай-ақ, кезекші халыққа қызмет көрсету орталықтардың мекенжайларын Мемлекеттік корпорацияның Instagram желісіндегі ресми парақшасынан және 1414 бірыңғай байланыс орталығы арқылы білуге болады.