Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » ТОҚТАП ҚАЛҒАН ЖҮРЕК 6,5 САҒАТТАН КЕЙІН ҚАЙТА СОҚҚАН

ТОҚТАП ҚАЛҒАН ЖҮРЕК 6,5 САҒАТТАН КЕЙІН ҚАЙТА СОҚҚАН

Испанияда дәрігерлер 6,5 сағатқа тоқтап қалған жүректі қайта іске қосқан. 34 жастағы келіншек күйеуімен бірге тауға барған. Ерлі-зайыптылар 2,5 мың метр биіктікке көтерілгенде келіншектің жағдайы нашарлап, есінен танып қалған. Келіншек тыныс алмаған.Құтқарушылар оқиға орнына ұшақпен келген. Келіншектің дене температурасы 18 градус болған. Дереу ауруханаға жеткізген дәрігерлер оның жүрек соғысын қалпына келтірген. Дәрігерлер бұл оқиғаны ғажайыпқа теңеп отыр.
reactor.
08 желтоқсан 2019 ж. 886 0