Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Бүгін қазақстандықтар ерекше құбылысты көре алады

Бүгін қазақстандықтар ерекше құбылысты көре алады

Биыл алты рет тұтылу болады. Екі рет күн, төрт рет ай тұтылады. Айдың тұтылуы қаңтар, маусым, шілде мен қарашаға түсіп отыр. 5 маусымнан 6-сына қараған түні айдың тұтылуы болады. Табиғи құбылысты барша қазақстандықтар көре алады. Бұл туралы Sputnik Қазақстан тілшісіне Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің профессоры Андрей Солодовник айтып берді.

Айдың тұтылуын қалай көру керек
"5 маусым – жұма күні толған ай болады, одан кейін жартылай көлеңкелі айдың тұтылуы басталады. Оның максималды фазасы, яғни Айдың Күн көлеңкесіне кіру тереңдігі 0,59 болады. Негізі, айдың тұтылуын жиі көруге болады. Ол кезде аспандағы Ай планетамыздың дәл ортасында тұрады", - деді Солодовник.
Сондықтан қиыр солтүстіктен басқа Еуразия тұрғындарының түгелі дерлік осы табиғи құбылысты тамашалай алады. Дегенмен, айдың тұтылуын көру үшін біршама дайындық керек.
Ғалымның айтуынша, Ай батыстан шығысқа қарай жылжып, Жердің күңгірт көлеңкесінің солтүстік жағы арқылы өтеді. Жартылай көлеңкелі айдың тұтылуы үш сағаттан асады.
"Бүгінгі тұтылу түнгі сағат 23:43-те басталып, 03:06-ға дейін жалғасады. Ол кезде 6 маусым болады. Ал сағат 1:25-те Ай күңгірт көлеңкенің максималды тереңдігіне кіреді. Осы тұтылуды көру үшін жақсы бинокль немесе телескоп керек. Себебі Ай күңгірт көлеңкеге кіргенде қараңғылық түспейді, айдың жарығы солғын тартады", - деп атап көрсетті Солодовник.

Келесі тұтылуы қашан болады
Жалпы, биыл алты тұтылу болады. Екі рет күн тұтылса, ай төрт рет тұтылады. Айдың тұтылуы қаңтар, маусым, шілде мен қарашаға түсіп отыр. Ал күннің тұтылуы маусым мен желтоқсанда болады. Бүгін айдың тұтылуы көрінсе, 21 маусымда күннің тұтылуын көруге болады.
"Осылайша, 21 маусымда үшінші тұтылу болады. Ол сақина тәрізді. Күн тұтылу фазасы Африка, Сауд Арабиясы, Пәкістан, Үндістанның солтүстігі және Қытайдың оңтүстік провинциялары арқылы өтеді. Тұтылудың максималды фазасы - 0,994, ал сақина тәріздес фазасының уақыты 38 секунд болады", - дейді Солодовник.
Ғалымның сөзіне қарағанда, күннің тұтылуы Еуразияның біраз бөлігінде, соның ішінде Қазақстанда түске таман көрінеді.

https://qazaly.kz/
05 маусым 2020 ж. 868 0