Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Еуропа коронавирусқа байланысты Қазақстанды қауіпті деп таныды

Еуропа коронавирусқа байланысты Қазақстанды қауіпті деп таныды

Еуроодақ COVID-19 инфекциясы жоғары деңгейде тарап жатқандықтан Қазақстанды қауіпті деп атады. Қазақстан жақын арада еуропалық шекарадан өте алатын елдер тізіміне енген жоқ.

ЕО кеңестен кейін 1 шілдеден бастап кіруге рұқсат етілген 14 елді атады. Олар: Алжир, Австралия, Грузия, Канада, Марокко, Жаңа Зеландия, Руанда, Сербия, Таиланд, Тунис, Уругвай, Черногория, Оңтүстік Корея және Жапония.
Дипломаттар бұл шешім саясаттандырылмайтынына және ғылыми дәлелдер мен еуропалықтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге деген ұмтылысына негізделген деп сендіреді. Сондай-ақ, ЕО «қауіпсіз» елдердің тізімі екі апта сайын қайта қаралатынына сендіреді.
Бұл тізімге кірудің негізгі критерийі – коронавирустық инфекция ЕО жағдайына ұқсас немесе одан жақсы болуы керек. «Қауіпсіз» елдердің азаматтарына проифлактикалық шараларды сақтау туралы  талаптар қойылады.

stan.kz

 

01 шілде 2020 ж. 867 0