Оңтүстік Корея барлық автобустарда тегін Wi-Fi ұсынған алғашқы ел болды

Кореяда қалалық автобустарын ақысыз интернетпен жабдықтау бағдарламасы 2018 жылы басталып, 2020 жылдың 14 желтоқсанында аяқталған. Енді жолаушылар елдегі барлық автобустарда ақысыз интернетке қол жеткізе алады. Рәсімде Оңтүстік Корея бұл қызметті барлық маршруттық автобустарда іске қосқан әлемдегі бірінші ел болғандығы айтылған.
Оңтүстік Кореяда 6 бағыттағы 35 мың автобус жұмыс істейді. 29000-нан астам автобусты ақысыз интернетпен жабдықтау орталық үкіметке, ал 5906 автобусқа жергілікті билік жауапты болған.
Бағдарламаның алдын-ала нәтижелері де жарияланды: орта есеппен ай сайын әр автобуста 1228 адам ақысыз интернетті пайдаланды, ал ақпарат алмасу көлемі бір автобусқа айына 55,3 Гб құрайды.
Оңтүстік Корея ғылым министрлігінің өкілі "алдағы үш жылда автобустарда тегін интернетті пайдаланудың экономикалық пайдасы 220 миллиард вон (200 миллион доллар) болуы керек" дейді.