Билл Гейтс: Пандемия 2022 жылға дейін жалғасады
Microsoft корпорациясының негізін қалаушы Билл Гейтс әлемдік пандемия 2022 жылдың аяғына дейін жалғасатынын айтады
Билл Гейтс COVID-19-дан толық құтылғанға дейін бүкіл әлем бойынша шектеулер сақталатынын айтты. Бұл туралы Bugin.kz платформасы oinet.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Билл Гейстің айтуынша, вакцинация вирустың таралуын тоқтатады. 2021 жылдың соңына дейін вакцинацияның деңгейі аса жоғары болуы мүмкін. Аурудың саны азая бастайды, дегенмен мүлдем жойылады деуге келмейді. Бетперде тағу және көпшілік орынға жиналуға тыйым салу сияқты шектеулер әлемдік пандемиядан арылмайынша жалғасын табады дейді.
Миллиардердің айтуынша, әлем 2022 жылдың аяғында қалыпты өмірге қайта оралуы мүмкін.
bugin.kz