Пандемия бір жылдан кейін аяқталады – сарапшы
Пандемия жақсы жағдайда жарты жылдан кейін аяқталады, ал нашарлаған жағдайда бір жылға созылуы мүмкін. Бұл туралы жұма күні ТАСС агенттігіне Роспотребнадзор Эпидемиология Орталық ҒЗИ директорының орынбасары Наталья Пшеничная айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Өткен жылдың сәуірінде ғалымдар жасаған математикалық болжам пандемияның бір жарым-екі жылға созылатынын ескерткен еді. Қазір осы болжамның расталғанын көріп отырмыз. Жақсы жағдайда пандемия тағы жарты жылға созылуы мүмкін. Нашарланған жағдайда пандемия шамамен бір жылдан кейін аяқталады», - деді ол. Пшеничнаяның ойынша, екі болжамның қайсысы орындалатыны вирустың таралмауын тежеу үшін барлық талаптарды орындап жүрген азаматтардың саналылығына байланысты. Пандемия басталған кезден бері әлемде 129 млн адам коронавирус жұқтырды, 2,8 млн-нан астамы қаза болды.