Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Зеленский Ақ үй басшысын Украинаға шақырды

Зеленский Ақ үй басшысын Украинаға шақырды

Украина президенті Владимир Зеленский АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкенмен АҚШ президенті Джо Байденмен кездесу мүмкіндігін талқылағанын және оны Украинаға ресми сапармен келуге шақырғанын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Мен АҚШ президентін биыл - Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығында Украинаға ресми сапармен келуге шақырдым. Бұл кездесудің қандай форматта болуы мүмкін екенін білмеймін (АҚШ президентімен - авт.ескерт.), ол екі елге байланысты. Қазіргі уақытта АҚШ президенті біздің елден шақырту алды. Мен кездесу болатынына сенімдімін, ол екі ел үшін де маңызды», деді Зеленский Блинкенмен кездесу қорытындылары туралы брифинг барысында.

Блинкен Байденді Украинаға шақыру ұсынысына жауап ретінде АҚШ президенті мүмкіндік болған кезде келе алатынын айтты.

Зеленский АҚШ-тың мемлекеттік хатшысымен Қара және Азов теңіздеріндегі қауіпсіздік мәселесін талқылағанын айтты.

Сондай-ақ Блинкен Украина Ресей тарапынан «арандатушылыққа бой алдырмайтынын» айтты.
07 мамыр 2021 ж. 475 0