Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Чехияда жолаушылар пойызы соқтығысты

Чехияда жолаушылар пойызы соқтығысты

Чехияның батысында, Домажлице маңындағы Милавце елді мекенінде екі жолаушы пойызы соқтығысты. Полиция ондаған адамның жарақаттанып, екі кісінің мерт болғанын хабарлады, деп жазады BBC.

Прага мен Мюнхен арасында жүретін «Батыс экспресі» мен тағы бір жолаушы пойызы соқтығысқан. Апат жергілікті уақыт бойынша таңғы 8-ден өте болған.
ЧКТ агенттігінің мәліметіне сәйкес, зардап шеккендердің кем дегенде жетеуінің жағдайы ауыр, ал 31 адамның жарақаттары одан жеңілірек.
CT24zive телеарнасының дерегінше, Домажлицедегі аурухана теміржол апатынан зардап шеккендерге орын босату үшін барлық жоспарланған оталарды кейінге қалдырған.

baq.kz
05 тамыз 2021 ж. 192 0