Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » ДДСҰ басшысы үлкен қауіптің басталғанын ескертті

ДДСҰ басшысы үлкен қауіптің басталғанын ескертті

Вакцинация сәтті болғанына қарамастан, коронавирус инфекциясының таралуына байланысты адамзатқа қауіп төніп тұр. Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры Тедрос Гебрейесус мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бұл туралы РИА Новости мәлімдеді.
«Вакциналардың қысқа мерзімде дайындалуы арқасында біз айтарлықтай алға жылжыдық. Бірақ, қазір әлем нақты қауіпке душар болды. Біз бұрын қол жеткізген көп жетістік жойылып жатыр», деді Тедрос Гебрейесус. 
ДДСҰ басшысының айтуынша, COVID-19 жағдайының көбеюіне адамдардың әлеуметтік байланыстарға қойылатын шектеулерді тоқтатуы, денсаулық сақтау жүйелерінің біркелкі жұмыс істемеуі және вакцинация жылдамдығының біркелкі еместігі себеп.Бір күн бұрын Гебрейесус қыркүйектің соңына дейін қайта вакцинацияға уақытша мораторий енгізуге шақырды.
ДДСҰ-ның бағалауы бойынша, әлемде COVID-19-ға қарсы вакцинаға жаһандық теңсіздік сақталған. Кедей елдерде вакцина шығаратын бай елдерге қарағанда әлдеқайда аз адам вакцина алған немесе бір дозаны ғана алған.

syrboyi.kz
06 тамыз 2021 ж. 483 0