Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Франциялық ерлі-зайыпты қазына тауып алды

Франциялық ерлі-зайыпты қазына тауып алды

Францияның Бретани өңірінде тұратын ерлі-зайыпты қазына тауып алған, деп хабарлайды ҚазАқпарат Le point басылымына сілтеме жасап.
Олар бірнеше ондаған жыл бойы тұрып жатқан үйін жөндеуге шешім қабылдаған. Ең алдымен екі бөлмені біріктірмек болған. Жұмысшылар қабырғаны құлатып, төбелік арқалықты опыра бастаған, бірақ кенеттен еденге бір нәрсе құлап түскен. Құлап түскен заттар жарқыраған алтын монеталар болып шықты. Онда XIV патша Людовиктің айқын бейнесі көрінеді.
Ерлі-зайыптылар өздері тауып алған бірегей қазына туралы дереу префектураға хабарлаған. Олардың үйіне қазынаны зерттейтін археология қызметінің мамандары бірден келген. Олар табылған барлық монетаны түпнұсқалығын тексеру үшін өздерімен бірге алып кетті. Кейінірек қазынаның XVII ғасырға жататыны белгілі болды.
Табылған монеталардың (барлығы 200-ден астам) бағдарланған құны 150 мың еуроны құрайды. Франция заңы бойынша, 2016 жылдан кейін үйлерден табылған барлық қазына мен тарихи олжалар мемлекетке тиесілі. Бірақ бұл үйдің иелері оны осы заң талабы күшіне енерден көп уақыт бұрын сатып алғандықтан, табылған заттар оларға толық көлемде қайтарылды. Бақытты жандар аукционда қазынаны сатуға шешім қабылдады, ал түскен қаражатты тең бөліп, тиістісін үш жұмысшыға да бермек.

inform.kz
04 қыркүйек 2021 ж. 505 0