Моңғолия вакцинаның үшінші компонентін салдырып жатыр
Моңғолияның Баян-Өлгий аймағында 1 қыркүйектен бері тұрғындар коронавирусқа қарсы вакцинаның үшінші компонентін салдырып жатыр, деп жазаы Egemen.kz МОНЦАМЭ агенттігіне сілтеме жасап.
Баян-Өлгийде вакцинаның бірінші компонентін 66499 адам алған. Ал екінші компонентін алғандардың саны - 61868 адам.
Осы аптадан бастап полиция, төтенше жағдайлар қызметкерлері, медицина саласының және мемлекеттік қызметкерлер сынды халықпен тығыз байланыстағы мамандар мен 55 жастан үлкен, созылмалы сырқаты бар, аяғы ауыр адамдар вакцинаның үшінші компонентін ала бастады.