Билл Гейтс дәрі өндірісін қаржыландырды

Келісімшарт құны 70 миллион долларға дейін жетуі мүмкін. Ақша орнына қор Exscientia-ның үлесін алады. Сонымен қатар, «алынған қаражаттың бір бөлігі COVID-19 емдеуге және болашақта пандемияның алдын алуға арналған жаңа антивирустық таблеткалар жасауға жұмсалады деп болжанып отыр. Бұл Гейтстің фирмаға екінші ақшалай салымы», деп жазады CNBC.
Компания коронавирусты, әсіресе COVID-19, сондай-ақ тұмау мен жануарлардан адамға жұғып, тыныс жолдарының ауруын тудыратын Nipah вирусын емдеумен айналысады. Стартап жасанды интеллект коронавирусқа қарсы дәрі-дәрмек шығару уақытын 20 пайызға қысқартатынын мәлімдеді.