Мальдив аралдарында омикрон штаммы анықталды

Риа Новости мәліметінше, вирусты аралға турист әкелгені хабарланды.
«Біз Мальдив аралдарында COVID-19 «омикрон» нұсқасының алғашқы жағдайын анықтадық. Бұл жағдай туристен алынған оң үлгіде жүргізілген геномдық секвенирлеу нәтижесінде белгілі болды», деді Мальдив денсаулық сақтау агенттігінің (HPA) Twitter-дегі хабарламасында.