Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қытайда футболшыларға татуировка салуға тыйым салынды

Қытайда футболшыларға татуировка салуға тыйым салынды

Енді Қытай құрамасында ойнайтын футболшылар денедегі татуировканы жоюы керек. Ал жаңа татуировкаға қатаң тыйым салынады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Чемпионат басылымына сілтеме жасап.

Қытайда спортшылар денесіндегі татуировка көп назар аударта бастаған. Сондықтан спортшылар суретті жасыру үшін жеңі ұзын киім киюге мәжбүр болған.

Қытай спорт әкімшілігі сейсенбі күні бұл мәселеге қатысты арнайы мәлімдеме жасады.

"Барлық татуировкалар жойылуы керек. Тек ерекше жағдайда команда келісімімен жаттығу және жарыс кезінде жабық болуы тиіс", - делінген әкімшілік мәлімдемесінде.

Жас спортшылар мен U-20 командаларына айрықша көңіл бөлінген. Ал жұмыс беруші командалар келісім жасар алдында татуировканың бар-жоғына назар аударады.
30 желтоқсан 2021 ж. 501 0