Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Отшашу кезінде полиция қызметкері қайтыс болды

Отшашу кезінде полиция қызметкері қайтыс болды

Ресейдің Рязань облысының Захаровский ауданында отшашу кезінде Мәскеудің Шығыс әкімшілік округі бойынша ішкі істер басқармасының Экономикалық қауіпсіздік және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бөлімінің қызметкері қайтыс болды, деп хабарлайды Egemen.kz ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

Анықталғандай, ол жаңа жыл түнінде жанұясымен бірге далаға шығып, фейерверк атқан. Отшашу жағу кезінде жарылыс болып, соның салдарынан полиция қызметкері бас сүйегінен жарақат алып, оқиға орнында қайтыс болды.

Қайтыс болған ер адам ішкі істер органдарында 2003 жылдан бері жұмыс істеген.
02 қаңтар 2022 ж. 468 0