БҰҰ дүниежүзін келесі пандемияға дайындалуға шақырды
БҰҰ бас хатшысы Антониу Гутерреш Дүниежүзілік экономикалық форумда әлемді келесі пандемияға дайындалуға шақырды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бұл туралы Риа Новости мәлім етті.
Гутеррештің пікірінше, әлем келесі пандемияға дайындалып, әр елде бақылауға, ерте анықтауға және жедел әрекет ету жоспарларына инвестиция салып, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының беделін нығайтуы керек.
Сонымен қатар, ол пандемиямен әділ және тең жағдайда күресуге шақырды.
Гутерреш бұған дейін ДДСҰ 2021 жылдың соңына қарай жер тұрғындарының 40 пайызын және осы жылдың ортасына қарай 70 пайызын вакциналауды көздейтін стратегия жариялағанын еске салды.
«Біз бұл мақсаттарды көздемейміз. Бұл ұят, бірақ табысы жоғары елдерде вакцина салдыру деңгейі Африка елдеріне қарағанда жеті есе жоғары. Бізге вакцинаны тарату мәселесінде әділ болу қажет», деді ол.
Гутерреш мемлекеттер мен өндірушілер COVAX механизміне вакцина жеткізуге басымдық беріп, бүкіл әлем бойынша сынақ, вакцина, емдеу әдісінің жергілікті өндірісін қолдауы керек екенін айтты.