Сириядан Ливанға сатылған құнды жәдігерлер кері қайтарылды

Пальмира ЮНЕСКО-ның дүниежүзілік мұралар тізіміне кіреді. Көне шаһар орнында қалған тарихи ескерткіштер мен қирандылар көп. Сириядағы қақтығыстар басталмай тұрып, бұл жерге жыл сайын 150 мыңнан астам турист келетін. Алайда 2015 жылы қаланы лаңкестер басып алғаннан кейін содырлар мыңдаған жәдігерді талқандап тастаған. Кейбіреуін заңсыз жолмен басқа мемлекеттерге өткізген.
24.kz