Перуде автобус жардан құлап, 11 адам қайтыс болды

Radionacional мәліметінше, оқыс оқиға елдің солтүстігінде, Сихуас провинциясындағы шалғайдағы ауылдық жолдың бойында болған. Салдарынан 35 адам жарақат алған.
Алдын ала мәлімет бойынша, жолаушылар автобусының жүргізушісі Таябамба-Лима бағытымен келе жатқан, бірақ тізгінге ие бола алмай, қоршауды бұзып өтіп, 100 метрлік жардан құлаған.
Аяна Тоғанбек