Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Алматы облысында жолаушылар автобусы көпірден құлап кетті

Алматы облысында жолаушылар автобусы көпірден құлап кетті

Алматы облысы Талғар ауданына жақын маңдағы Кеңдала аулында жол-көлік оқиғасы орын алды. Жолаушылар мінген автобус жол апаты салдарынан көпірден құлап кеткен,

Желіде оқиға орнында түсірілген видео пайда болды. Жазбада автобустың дөңгелегі жарылғаны жазылған. 
«Жаңа ғана автобус құлап кетті. Автобустың алдыңғы дөңгелегі жарылып кетті. Оқиға Талғар ауданы Кеңдала аулында болды. Зардап шеккендер бар», - делінеді желіде.
Оқиғаға қатысты пікір білдірген Алматы облыстық полиция департаменті жол апатының 15 маусымда түстен кейін орын алғанын хабарлады. Апат кезінде автобус салонында 7 жолаушы мен жүргізуші болған екен.
Ведомство мәліметінше, құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. Оларды дәрігерлер тексеріп, артынша үйіне жіберген.
16 маусым 2019 ж. 729 0