Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Жылқыны қағып кетті: Жол апатынан бір бала мерт болып, 7 адам зардап шекті

Жылқыны қағып кетті: Жол апатынан бір бала мерт болып, 7 адам зардап шекті

Алматы облысында жеңіл көлік жылқыны қағып кетті. Салдарынан жол-көлік оқиғасы орын алған жерде 14 жасар қыз көз жұмып, тағы 7 адам ауруханаға жеткізілді.

Бұл туралы Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап Stan.kzхабарлайды.
ЖКО 18 қыркүйекте Талғар-Ақбұлақ тасжолында орын алған. «Лада» маркалы автокөлігі жолда жылқыға соғылған. Артынша көлік жолдың шетіне шығып кетіп, ағашқа соғылыпты. Жеңіл көліктің ішінде 3 ересек, 5 бала отырған. Олардың бірі оқиға орнында тіл тартпай кетті.
Алматы облыстық ІІД баспасөз қызметінің мәліметінше, ЖКО-ға қатысты ҚР ҚК 345-бабы 3-тармағы бойынша қылмыстық тергеу басталды.
Апат салдарынан зардап шеккендер түрлі жарақатпен Талғар ауданлық ауруханасына жеткізілді.
Stan.kz
20 қыркүйек 2018 ж. 1 549 0