Батыс Қазақстанда той кортежінде жүрген көлік аударылып қалды

15 сәуір күні таңға жуық Аралтал ауылының маңындағы Орал-Ақсай тасжолында Lexus көлігі жол шетіне ұшып кетіп, аударылып қалған. Лентамен әшекейленгеніне қарағанда, көлік тойдың салтанатты шеруінде жүрген.
Baq.kz«1970 жылғы ер адам жабық бассүйек-ми зақымын алып, көп жері жарақаттанған және сынған. Ол аудандық ауруханаға жеткізілді», - дейді облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.