Оралда ит иесін талап өлтірді

Оралда Некрасов көшесіндегі жер үйлердің бірінің ауласында ит өзінің иесін, 88 жастағы зейнеткер Еленаны қауып алды. Қайтыс болған апа үйінде жалғыз тұрған.
«Лена апа бұл итті күшік кезінен асырап алған. Ол үнемі байланып тұратын. Ит аса ірі болған жоқ және асыл тұқымды да емес еді. Бүгін түнде ол өз иесін қауып алып, жедел жәрдем қызметі келді. Біз апаның қан қысымы жоғарылап кетті деп ойладық. Таңертең көршілер жедел жәрдем үйге кіре алмағанын, апа көп қан жоғалтқандықтан қайтыс болғанын айтты», - дейді көршісі.Батыс Қазақстан облысы Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі болған жағдайға қатысты әзірге пікір білдірген жоқ. Ветеринарлық қызмет мамандары итті ұйықтатып, алып кетті.
Baq.kz