Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Ақтаулық жасөспірім өзіне қол жұмсамақшы болған ер адамды құтқарып қалды

Ақтаулық жасөспірім өзіне қол жұмсамақшы болған ер адамды құтқарып қалды

16 жастағы жасөспірім өзіне қол жұмсамақшы болған ер адамның өмірін сақтап қалды. Оқиға Ақтау қаласы 32 «А» ықшам ауданындағы 24 үйдің жертөлесінде болды.

 Бұл туралы Lada.kz хабарлады, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.
 31 наурыз күні 16 жастағы Аслан өз үйіне келе жатқан. Оk подъездге кіре бергенде  жертөледен шыққан біртүрлі дыбысты естіді. Сол жерге барған жасөспірім асылып тұрған ер адамды көрген. Не істеу керек екенін білген Аслан бірден пышақ алып келу үшін үйіне қарай жүгірген.
Ол қайта оралып ер адам асулы болған арқанды кескен. Содан кейін оны  далаға шығарып, дәрігерлер мен полиция қызметкерлерін шақырған. Ер адам жедел жәрдем келгенге дейін есін жиған.
«Ол өз-өзіне келгеннен кейін, өтіп бара жатқан көліктің астына түспекші болды. Мен оны ұстап үлгердім. Жедел жәрдем бригадасы мен полиция келгенге дейін онымен бірге отырдым»,-дейді жасөспірім.
Аслан болған оқиғаға қатысты полицияға түсіндірме жазды.
Жедел жәрдем бөлімінде ер адамның өзіне қол жұмсауға тырысқаны расталды. Дәрігерлер атап өткендей, 1981 жылы туылған  ер адам мас жағдайда болған. Ал полиция бұл оқиғаға қатысты ешқандай түсініктеме бермеді.
01 сәуір 2018 ж. 1 866 0