Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Кемероводағы өрт: із-түзсіз жоғалған үш адам аман-есен табылды

Кемероводағы өрт: із-түзсіз жоғалған үш адам аман-есен табылды

"Зимняя вишня" сауда орталығындағы қайғылы оқиғадан кейін 67 із-түзсіз жоғалған адам туралы арыз түсті, ресми деректер бойынша, 64 адамның қаза тапқаны белгілі
АСТАНА, 30 наурыз — Sputnik. Ресейдің Тергеу комитеті Кемероводағы "Зимняя вишня" сауда орталығындағы өрттен кейін із-түзсіз жоғалып кеткен үш адамды аман-есен тапты.
Кемерово тұрғындарынан құрылған еріктілер тобы сейсенбі күні өрт кезінде із-түзсіз жоғалып кеткен 13-14 адамның тізімін құрды, бұлар ресми тізімде тіркелмеген. Билік өкілдері аталған адамдарды іздеуді бірден бастады. 
"67 жоғалған адам туралы арыздарды тексеру кезінде үш адам аман-есен табылды. Сонымен, тергеудің мәліметінше, өрт кезінде 64 адам қаза тапқан", — делінген Тергеу комитетінің баспасөз хабарламасында.
РИА Новости басылымы жазғандай, 29 наурыз күнгі кешкі ахуал бойынша ауруханада тоғыз адам жатыр. 60 адам амбулаториялық ем қабылдауда, он зардап шегуші амбулаториялық жәрдем алып, емделіп шықты.
Сонымен бірге, өрт кезінде төртінші қабаттан секіріп, ауыр жарақат алған 11 жастағы бала жансақтау бөлімінен шығарылады екен, денсаулығы бір қалыпты. Өрт кезінде жасөспірім отбасынан айырылып қалды, енді оған әжесі қамқор болады.
sputniknews.kz
30 наурыз 2018 ж. 1 765 0