«БІЗ ДЕ БҰДАН САБАҚ АЛУЫМЫЗ КЕРЕК»

«Назар аударатын тағы бір мәселе, Ресейдің Кемерово қаласында орын алған қайғылы жағдай барлықтарыңызға мәлім. Сауда орталығында өрт болып, көп адам қаза тапты, 60-тан аса. Оның 35-і балалар. Елбасы ресми түрде Ресей Президентіне көңіл айтты. Біз де бұл төтенше оқиғадан сабақ алуымыз қажет», - деп атап өтті Үкімет басшысы.
Оның айтуынша, қазірдің өзінде бұл мәселе әлеуметтік желілерде қызу талқыланып жатыр. Блогерлер өз бастамаларымен сауда орталықтарына барып, эвакуацияға арналған есіктердің жабық-ашықтығын тексеруде.
«Сол себептен Ішкі істер министрлігі мен өртке қарсы қызметтер әкімдіктермен бірлесіп, сауда орталықтарында тексеру өткізіп, тиісті шаралар қолдануы қажет. Асқар Ұзақбайұлы (ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Мамин) сіздің бақылауыңызда», - деді Бақытжан Сағынтаев.

kyzylorda-news.kz