Дубайда автобус жол апатына ұшырады: 17 адам қаза тапты
Дубайда автобус жол апатына ұшырады. Соның салдарынан 17 адам қаза тапты, Жергілікті полиция қызметінің мәліметінше, 6 маусымда Оман нөмірі салынған автобус апатқа ұшырады. Автобус салонында 31 жолаушы болған. Жол-көлік оқиғасы салдарынан 17 әр түрлі ұлт өкілдері қаза тапты және бесеуі зардап шекті. Кейінірек тағы екеуі қаза тапты. 50 жастағы автобус жүргізушісі қоғамдық көліктерге жүруге болмайтын тажолға шығып кеткен. Соның салдарынан ол жол ережесі белгісіне соқтығысқан. ҚР СІМ мәліметінше, жол апаты салдарынан қаза тапқандар арасында қазақстандықтар жоқ.