Ерлік жасаған жолаушы өмір бойы автобуста тегін жүретін болды

Германияның Дуйсбург қаласында 58 жастағы жүргізушісі рульде келе жатып, есінен танып қалады. Автобус қарама-қарсы бағытқа шығып, жол шетіндегі қоршауды бұзып кеткен екен. Осы сәтте 24 жастағы жігіт жүргізушінің кабинасына өтіп, жолаушы толы көлікті тоқтатқан. Куәгерлер жол апатына жол бермеген жас жігіттің түк болмағандай қоғамдық көліктен түсіп, кете барғанын айтады. Алайда полиция ерлік жасаған азаматқа құрмет көрсету үшін оны іздеп тапты.
– Мен айтарлықтай ештеңе істеген жоқпын, – дейді 24 жастағы О.Мохаммедтің өзі.DVG көлік компаниясы О.Мохаммедке қаладағы қоғамдық көліктерде өмір бойы тегін жүруге мүмкіндік беретін билетті табыстады.
www.qazbrand.info