Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Алматыда жүріп келе жатқан көліктен құлап кеткен әйел жұмбақ жағдайда көз жұмды

Алматыда жүріп келе жатқан көліктен құлап кеткен әйел жұмбақ жағдайда көз жұмды

Алматыда 29 тамызда түнгі уақытта жол-көлік оқиғасы салдарынан 39 жастағы әйел көз жұмды.

Бұл туралы Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.
Оқиға Саин көшесінде орын алған.
Куәгерлердің сөзінше, Nissan Murano көлігі Саин көшесі бойынша оңтүстік бағытта келе жатқан. Осы кезде 1979 жылғы жолаушы әйел жүріп келе жатқан көліктен құлап түсті. Әзірге оның құлап кеткені немесе өзі секіргені белгісіз.
Алған жарақатының салдарынан әйел жедел жәрдем жеткенше көз жұмды. Ал ол отырған көлік жүргізушісі оқиға орнынан қашып кетпеді.
Ендігі әйелдің өлімінің себебін полиция анықтайтын болады.
Stan.kz
29 тамыз 2018 ж. 1 492 0