Балаларын шақырмақ болған астаналық келіншек 12-қабаттан құлап кетті

Sputnik - ке "Сенатор" тұрғын үй кешенінің тұрғындары хабарлағандай, жиырма алты жастағы Астана тұрғыны балаларына айқайламақ болғанда 12-қабаттағы балконнан құлап кеткен.
"Асфальтте жатқан мәйітке мас әйел екен деп ұзақ уақыт ешкім жақындамаған", — деді Sputnik-ке сұхбат беруші.
Көршілері марқұм сол жерде жан тапсырғанын, артында үш баласы қалғанын хабарлады.
Астана ішкі істер департаментінің қызметкерлері Sputnik-ке аталған оқиға бойынша полицейлер жұмыс істеп жатқанын жеткізді. Қазіргі таңда трагедияның жай-жапсары анықталып жатыр.
sputniknews.kz