Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Шымкентте үйінің ауласынан 15 жастағы оқушының мәйіті табылды

Шымкентте үйінің ауласынан 15 жастағы оқушының мәйіті табылды

Қайғылы оқиғаның мән-жайы хабарланбайды
АСТАНА, 17 сәуір — Sputnik. Шымкентте өз үйінің ауласынан 15 жастағы жасөспірімнің денесі табылды, деп хабарлайды otyrar.kz. 
Қайғылы оқиға 16 сәуірде түскі сағат 13.30 шамасында болды. Шымкент қаласы Абай аудандық полиция бөлімшесіне баланың анасы хабар берген.
Самал-3 шағын ауданында тұратын 2003 жылы туған жасөспірім өз үйінің ауласындағы құрылысы бітпеген үй-жайдың ішінде арқан жіпке асылып қалған. 
Ол Шымкент қаласындағы №87 жалпы орта мектебінің 9 сыныбында оқыған.
sputniknews.kz
17 сәуір 2018 ж. 1 513 0