Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Астанада тағы бір жаңа босанған әйел көз жұмды

Астанада тағы бір жаңа босанған әйел көз жұмды

Қайғылы оқиға екінші перинаталдық орталықта болды, бұған дейін үш әйел бірінші перзентханада қайтыс болған еді. Астанада бір айдың ішінде төртінші әйел көз жұмды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. 
Бұл ақпаратты қалалық денсаулық сақтау басқармасында растады. 
"Бүгін сағат 9:25-те Астананың екінші перинаталдық орталығында босанған әйел көз жұмды. Медициналық көмек көрсетуге ана мен бала ұлттық орталығы, ұлттық кардиохирургиялық орталықтың мамандары, Астана университетінің кафедра профессоры тартылды. Осыған қарамастан жаңа босанған әйелдің өмірін сақтап қалу мүмкін болмады", — деп хабарлады басқармадағылар. 
Жаңа туған қыз аман қалды, сәбидің жағдайы қалыпты деп бағаланып отыр. 
Бұл оқиғаға байланысты сарапшылық комиссиясы құрылды, ол әйелдің өлімінің себебін анықтайды. 
Әйел 33 жаста болған, ол үшінші баласын дүниеге әкелген. 
Соңғы бір айда Астанада төрт әйел қайтыс болды. Алғашқы үш жағдай бірінші перинаталдық орталықта болған еді. Олардың өлімінің себебі әлі айтылған жоқ, әрбір жағдай бойынша сараптама жүргізіліп жатыр. Тексеріске дүниежүзілік денсаулық ұйымының сарапшылары тартылмақ. 

sputniknews.kz
17 шілде 2018 ж. 1 460 0