Астанада жаңа босанған екі әйел көз жұмды

Екі әйелдің көз жұмғанын елорданың қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы растады. Қазір аталған іс бойынша тергеу жүріп жатыр. Әйелдердің неден көз жұмғаны белгісіз.
"Қазір қызметтік тергеу жүргізіліп жатыр. Бұл мәселе бойынша сарапшылар комиссиясы да құрылады. Балалар аман", — деді баспасөз қызметінің өкілдері.
Істің мән-жайы хабарланбай отыр.
sputniknews.kz